Әл-Азхар университеті халық арасында дінді уағыздауға "Алла жолына шақыру" ұранымен арнайы дін уағызшылары тобын тағайындады, деп хабарлайды ҚМДБ баспасөз қызметі.
Бұл уағызшылар халық көп шоғырланатын ас үйлер, базарлар және т.б. әлеуметтік жерлерге барып, халыққа діни насихат айтады. Сонымен қатар уағызшылар тобы халықтың көкейінде жүрген кез-келген сұрағына да жауап бере алады.
Бұл топ сырттан келген шетел азаматтарының арасына да барып, тура жолды насихаттайды.
"Бұл бастаманы әл-Азхар шейхі көтерді. Себебі бүгінде Мысыр халқы мен оның қонақтары тура бағыттағы дінді насихаттауға, тануға мұқтаж. Бұл – бүгінде ислам әлемін алаңдатып отырған діни теріс пікірлерден сақтану жолдарының бірі", – дейді топ мүшесі Юсуф Ражаб.