Бұл туралы Әл-Азхардың Исламдық зерттеулер академиясының бас хатшысы Назир Мухаммед Мухаммед аль-Назир Аяд Әлемдік және дәстүрлі діндер лидерлері съезінің ХХ Хатшылығының отырысында мәлімдеді, деп жазады inbusiness.kz.
"Барлық әлемде, бүкіл жер бетінде діни рәсімдерге шектеулер болмауға тиісті. Руханият өзінің ықпалын адамдарға көрсете алады. Бұл тұрғыда адамдар осындай институттарға құрметпен қарауы тиіс", – деді Назир Мухаммед Мухаммед аль-Назир Аяд.
Спикер бүгінгі отырыстың әлемдегі барлық шиеленіске, зорлық-зомбылыққа қарсы болатын мінбер ретіндегі маңыздылығын атап өтті.
"Біз индустриялық дамуды жоққа шығара алмаймыз. Біз діни лидерлер ретінде қазіргі прогрессті қолдаймыз. Ислам білім мен ғылымды қолдайды", – деді Әл-Азхардың Исламдық зерттеулер академиясының бас хатшысы.
Айта кету керек, алдағы съезге Рим Папасы Франциск, Әл-Азхардың жоғарғы имамы шейх Ахмед ат-Тайеб, Ресей, Израиль, Қытай, Үндістан, АҚШ, Моңғолия, Еуропа, Орталық Азия, Кавказ және басқа елдерден делегация өкілдері қатысады деп күтіліп отыр.