Әл-Фараби атындағы ғылым мен техника саласындағы сыйлық иегерлері белгілі болды

695

Қазақстан Республикасының әл-Фараби атындағы ғылым мен техника саласындағы 2020 жылғы мемлекеттік сыйлығын беру туралы Жарлығын жария етті, деп хабарлайды Ақорданың ресми сайты.  

Әл-Фараби атындағы ғылым мен техника саласындағы сыйлық иегерлері белгілі болды

Қазақстан Республикасының әл-Фараби атындағы ғылым мен техника саласындағы 2020 жылғы мемлекеттік сыйлығын беру туралы

Қазақстан Республикасының әл-Фараби атындағы ғылым мен техника саласындағы мемлекеттік сыйлығын беру жөніндегі комиссияның шешімін қарап, ҚАУЛЫ ЕТЕМІН:

1. Қазақстан Республикасының әл-Фараби атындағы ғылым мен техника саласындағы 2020 жылғы мемлекеттік сыйлығы:

1) "Ыстыққа төзімді қорытпалар мен олардың негізінде бөлшектер өндіру және өңдеу үшін жаңа буын технологияларын әзірлеу" тақырыбы бойынша жұмысы үшін:

"Қарағанды техникалық университеті" коммерциялық емес акционерлік қоғамының атқарушы директоры, техника ғылымдарының докторы, профессор, Қазақстан ұлттық жаратылыстану ғылымдары академиясының академигі Аристотель Зейноллаұлы Исағұловқа;

"Қарағанды техникалық университеті" коммерциялық емес акционерлік қоғамының бірінші проректоры, техника ғылымдарының докторы, профессор, Қазақстан ұлттық жаратылыстану ғылымдары академиясының академигі Гүлнар Сантайқызы Жетесоваға;

"Қарағанды техникалық университеті" коммерциялық емес акционерлік қоғамы басқарма төрағасының міндетін атқарушы – ректоры, техника ғылымдарының докторы, профессор, Қазақстан ұлттық жаратылыстану ғылымдары академиясының академигі, Қазақстан Республикасы Ұлттық инженерлік академиясының академигі Марат Кеңесұлы Ибатовқа;

"Қарағанды техникалық университеті" коммерциялық емес акционерлік қоғамының "Нанотехнологиялар және металлургия" кафедрасының профессоры, техника ғылымдарының кандидаты, профессор Светлана Сергеевна Квонға;

"Қарағанды техникалық университеті" коммерциялық емес акционерлік қоғамының "Нанотехнологиялар және металлургия" кафедрасының меңгерушісі міндетін атқарушы, техника ғылымдарының кандидаты, профессор Виталий Юрьевич Куликовқа;

"Қарағанды техникалық университеті" коммерциялық емес акционерлік қоғамының "Ресурстар мен минералды шикізатты кешенді игеру" инженерлік бейінді сынау зертханасының жетекші ғылыми қызметкері, саяси ғылымдарының докторы Төлеутай Ысқақұлы Сүлейменовке;

2) "Инновациялық жасушалық технологияларды әзірлеу және клиникалық медицинаға енгізу" тақырыбы бойынша жұмысы үшін:

"Ұлттық ғылыми медициналық орталық" акционерлік қоғамының басқарма төрағасы, медицина ғылымдарының кандидаты Абай Қабатайұлы Байгенжинге;

"Ұлттық ғылыми медициналық орталық" акционерлік қоғамының Жасушалар технологиясы мен транспланттау орталығының жетекшісі,  медицина ғылымдарының докторы, профессор Манарбек Бапұлы Асқаровқа;

"Ұлттық ғылыми медициналық орталық" акционерлік қоғамының атқарушы директоры, медицина ғылымдарының кандидаты Мақсат Әскерұлы  Жантұрғановқа;

"Ұлттық ғылыми медициналық орталық" акционерлік қоғамының басқарма төрағасының бірінші орынбасары, медицина ғылымдарының кандидаты Еңлік Әбдікәрімқызы Қадыроваға;

"Ұлттық ғылыми медициналық орталық" акционерлік қоғамы басқарма төрағасының медициналық қызмет және ғылым жөніндегі орынбасары, медицина ғылымдарының докторы Темірлан Сібірұлы Кәрібековке;

"Ұлттық ғылыми медициналық орталық" акционерлік қоғамының атқарушы директоры, медицина ғылымдарының кандидаты Болат Ғаббасұлы Көпеновке;

"Марат Оспанов атындағы Батыс Қазақстан медицина университеті"  коммерциялық емес акционерлік қоғамының стратегиялық даму, ғылым және халықаралық ынтымақтастық жөніндегі проректоры, медицина ғылымдарының кандидаты Самат Сағатұлы Сапарбаевқа;

3) "Бейлокальды дифференциалды операторлар теориясына" тақырыбы бойынша жұмыстар циклі үшін:

Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрлігі Ғылым комитетінің "Математика және математикалық модельдеу институты" республикалық мемлекеттік кәсіпорнының бас директоры, Қазақстан Республикасы Ұлттық ғылым академиясының корреспондент мүшесі, физика-математика ғылымдарының докторы, профессор Махмуд Әбдісәметұлы Садыбековке;

Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрлігі Ғылым комитетінің "Математика және математикалық модельдеу институты" республикалық мемлекеттік кәсіпорнының бас ғылыми қызметкері, Қазақстан Республикасы  Ұлттық   ғылым   академиясының  корреспондент  мүшесі, философия докторы (PhD), қауымдастырылған профессор Сұраған Дурвудханға берілсін.

2. Осы Жарлық алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

Қазақстан Республикасының

Президенті Қ.Тоқаев

Нұр-Сұлтан, Ақорда, 2020 жылғы 3 желтоқсан

 № 460

 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу