Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-дың студенттері микробіліктілік курстарынан өтті

193

Курстардың бағдарламасы тәжірибеге бағытталған.

Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-дың студенттері микробіліктілік курстарынан өтті Фото: Алматы әкімдігі

Биылғы жылдың қыркүйек-желтоқсан айлары аралығында Алматы қаласы бойынша Экономикалық тергеп-тексеру департаменті мен әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің заң факультеті бірлесіп заң факультетінің студенттеріне арналған "Экономикалық қылмыстарды тергеу" тақырыбында микробіліктілік курстарын ұйымдастырды, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.

Курстардың бағдарламасы тәжірибеге бағытталған форматта өтті. Атап айтқанда, Алматы қаласы бойынша Экономикалық тергеу департаментінің базасында практикалық сабақтар өткізіліп, қылмыстық істердің нақты кейстері талданды, тергеу әрекеттерінің симуляторлары қолданылды, сондай-ақ экономикалық және қаржылық құқық бұзушылықтарды анықтау мен тергеудің заманауи әдістері оқытылды.

Оқу қорытындысы бойынша курстарды сәтті аяқтаған студенттер микробіліктілік бағдарламасын өткені туралы сертификаттарға ие болды. Алынған теориялық білім мен практикалық дағдылар түлектердің кәсіби дамуына берік негіз болып, алдағы уақытта қаржылық мониторинг органдарында қызмет өткеруіне мүмкіндік береді.

Мұндай курстарды ұйымдастыру білім беру ұйымдары мен құқық қорғау органдары арасындағы өзара ынтымақтастықты нығайтуға, сондай-ақ экономикалық қауіпсіздік саласындағы болашақ мамандардың практикалық даярлық деңгейін арттыруға ықпал етеді.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу