Әл-Фараби атындағы мемсыйлықты беру жөніндегі комиссия қорытынды отырысын өткізді

614

Әл-Фараби атындағы мемлекеттік сыйлық ғылым мен техника қайраткерлерінің қоғам мен мемлекет алдындағы еңбегін жоғары тану болып табылады.  

Әл-Фараби атындағы мемсыйлықты беру жөніндегі комиссия қорытынды отырысын өткізді

Бүгін ҚР Мемлекеттік хатшысы Қырымбек Көшербаевтың төрағалығымен Қазақстан Республикасының Әл-Фараби атындағы ғылым мен техника саласындағы мемлекеттік сыйлығын беру жөніндегі комиссияның қорытынды отырысы өтті, деп хабарлайды Ақорда.

Биыл мемлекеттік сыйлықты алу үшін барлығы 6 жұмыс түскен. Алдын-ала іріктеуден кейін екінші кезеңге 3 жұмыс өтті.

Отырыс қорытындысы бойынша комиссия Әл-Фараби атындағы мемлекеттік сыйлықты беру үшін жұмыс тізімін бекітті.

Келесі кезеңде 2020 жылғы Қазақстан Республикасының Әл-Фараби атындағы ғылым мен техника саласындағы мемлекеттік сыйлығын беру туралы Қазақстан Республикасы Президенті Жарлығының жобасы әзірленетін болады.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу