Әл-Фараби даңғылындағы бірнеше учаскеде жол жөндеу аяқталды

487

Бұл туралы қалалық мобильділік басқармасы мәлім етті.

Әл-Фараби даңғылындағы бірнеше учаскеде жол жөндеу аяқталды Фото: yvision.kz

Алматының әл-Фараби даңғылындағы жолды жөндеу кезең-кезеңімен жүріп жатыр. 

12-13 шілде аралығында Сырғабеков көшесінен Есентай өзеніне дейін ішінара жол жабылып, екі бағыттағы қозғалысқа шектеу енгізілді. Қазіргі таңда әл-Фараби даңғылының оңтүстік жағындағы Торайғыров көшесінен Есентай өзеніндегі көпірге дейінгі жөндеу жұмыстары аяқталды, көлік қозғалысына рұқсат берілді.

Келесі кезеңде, яғни 14-15 шілде Есентай өзеніндегі көпірден Батыс Желтоқсан көшесіне дейінгі учаскені жөндеу басталады. Жол қозғалысының қауіпсіздігін қамтамасыз ету және орташа жөндеу жүргізу кезінде көлік қозғалысын арттыру үшін мынадай шаралар қабылданады:

- 14 шілдеде сағат 23.00-ден 15 шілдеде сағат 8:00-ге дейін даңғылдың оңтүстік жағымен толық жабылатын полимерлі асфальтбетон жабындысын төсеу жұмыстары жүргізіледі;

- 15 шілдеде 8:00-ден 21:00-ге дейін әл-Фараби даңғылының солтүстік жағынан Есентай өзенінен Батыс Желтоқсан көшесіне дейін кері қозғалыс жолымен көлікті жүргізу ұйымдастырылады. Әл-Фараби даңғылындағы батыс және шығыс бағыттардағы қозғалыс жолақтарының санын қалыптасқан көлік жағдайынан патрульдік полиция қызметкерлері айқындайды;

- тәуліктің қараңғы уақытында жол-көлік оқиғасын болдырмау үшін 14 шілдеде сағат 23:00-ден 16 шілде 7:00-ге дейін әл-Фараби даңғылымен шығыс бағытта (Есентай өзеніндегі көпірде) көлік қозғалысы толығымен жабылады.

Жабық учаскелерді Жароков көшесі арқылы солтүстік бағытта айналып өтуге болады. Сырғабеков көшесі, Үшкемпіров көшесі, Қаппаров көшесі бағытында және "Esentai Mall" СОО-да бұрылмалы туннель (батысқа қарай) бойынша көлік қозғалысы ашық болады.

Көлік қозғалысының қауіпсіздігін қамтамасыз ету үшін патрульдік полицияның 6 экипажы тартылады, 40 км/сағ жылдамдықты шектеу белгілері орнатылады, жолақтар бойынша бөлу конустық шағылыстыратын чиптермен белгіленеді. Реверсті қозғалысты бастамас бұрын екі жағында да көлік ағындарын бөлетін металл турникеттер болады.

Жөндеу жұмыстарын жүргізу учаскелері туралы өзекті ақпарат қала әкімдігі мен қалалық мобильділік басқармасының ресми парақшаларынан, сонымен қатар, 2ГИС қосымшасынан көруге болады.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу