Әл-Фарабидің 1150 жылдығы ИЫҰ аясында атап өтіледі

1274

Ислам ынтымақтастық ұйымына мүше мемлекеттер Қазақстанның ұсынысын бірауыздан құптады.

Әл-Фарабидің 1150 жылдығы ИЫҰ аясында атап өтіледі

4-11 ақпанда қазақстандық делегация ИЫҰ Бас хатшылығының Жидда қаласындағы штаб-пәтерінде ұйымдастырылған ИЫҰ Экономикалық, мәдени және әлеуметтік мәселелер жөніндегі ислам комиссиясының (IСECS) 43-сессиясына және Аға лауазымды тұлғалар (SOM) отырысына қатысты, деп хабарлайды СІМ баспасөз қызметі.

Отырыстардың қорытындысы бойынша еліміздің сыртқы саяси бастамаларын одан әрі ілгерілетуге қатысты бірқатар қарарлардың жобалары қолдау тапты. Олардың ішінде, "Исламдық татуласу", Азық-түлік қауіпсіздігі жөніндегі ислам ұйымы (АҚИҰ) мен "Астана" халықаралық қаржы орталығының қызметтеріне, Әлемдік және дәстүрлі діндер лидерлерінің съезіне, Ғылым және технологиялар мен т.б. салалардағы жетекші мұсылман мемлекеттерінің қатысуымен ИЫҰ-15 диалог алаңын құруға қатысты қарарлардың жобалары бар.

Ұйымға мүше мемлекеттер Қазақстанның ИЫҰ аясында Әбу Насыр әл-Фарабидің 1150-жылдығын кеңінен атап өту жөніндегі ұсынысын бірауыздан құптады.

Қазақстандық делегация бірқатар екіжақты кездесулер өткізді. Атап айтқанда, Дакка қаласындағы Ислам технологиялық университетінің проректоры Омар Джахпен болған келіссөздердің нәтижесінде аталған университет алаңында Әбу Насыр Әл-Фарабидің өмірі мен қызметіне арналған ғылыми-тәжірибелік конференция өткізу туралы уағдаластыққа қол жеткізілді.

Түркияның ИЫҰ жанындағы Тұрақты өкілі Салех Мутлу Шенмен АҚИҰ Бас директоры Е.Байдаулетпен бірлесе өткізген кездесу барысында түрік тарапы 2020 жылы АҚИҰ Бас Ассамблеясының 3-отырысын Түркияда өткізуге дайындығын білдірді. 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу