Алакөл ғарыш радиациясынан тазартады

720

Алакөл ғарыш радиациясынан тазартады

Қазақстандық және ресейлік ғарышкерлер Алматы облысындағы Алакөл курорттық аймағына келді, деп хабарлайды Baq.kz.

Мәдениет және спорт министрлігі мен "Kazakh Tourism" ұлттық компаниясының шақыруымен іс-шараға Қазақстанның Халық қаһарманы, авиация генерал-лейтенанты Талғат Мұсабаев, кеңес ғарышкері, Кеңес одағының батыры Анатолий Арцебарский, Қазақстан және Ресей ғарышкері, полковник, Қазақстанның Халық қаһарманы және Ресей Федерациясының қаһарманы Юрий Маленченко, Ресей Федерациясының ғарышкері Юрий Батурин қатысты.

"Алакөлдің суын қазақтың батырлары ерте заманнан бері жоңғарлармен шайқастан кейін емделу үшін қолданған деген аңыз бар. Кейбірінің айтуынша, осы аймақта әлсіреген және жарақаттанған жауынгерлерін емдеу үшін Шыңғыс хан түмендерімен келіп отырған. Бұл аңыздардың барлығын кеңес ғарышкерлерінің ғарыш радиациясынан тазару мен сапардан кейінгі медициналық қайта қалпына келтіру кезеңдерінің бірін Алакөлде өткізгені туралы тарихи деректер растайды", - деді мәдениет және спорт министрлігінің туризм индустриясы комитетінің төрағасы Майнюра Мурзамадиева.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу