"Алакөл" кеден бекетінде құны 6,1 млрд теңге болатын вейп өнімдері тәркіленді

386

Заңсыз тауардың салмағы 155,8 тонна екені анықталды

"Алакөл" кеден бекетінде құны 6,1 млрд теңге болатын вейп өнімдері тәркіленді Фото: видеоскриншот

Жетісу облысы мемлекеттік кірістер департаментінің "Алакөл" кеден бекетінің қызметкерлері Экономикалық тергеу департаментінің қызметкерлерімен бірлесіп, тауарлар мен көлік құралдарына кедендік бақылау жүргізу кезінде бір реттік электрондық темекілерді, электрондық темекіге сұйықтықтарын және электрондық темекіге керекті заттарды заңсыз әкелу фактісінің жолын кесті, деп хабарлайды  inbusiness.kz.

"ЕАЭО кедендік аумағына келген кезде тауарлар мен көлік құралдарын ұстауға тиісті құжаттарды ұсынбау және тауарларды декларацияламау негіз болды. 1-6 наурыз аралығында Жетісу облысы бойынша Мемлекеттік кірістер басқармасының "Алакөл" кеден бекетіне Қытайдан 8 көлік келіп кірді.

Алайда тасымалдаушылар Кеден кодексінің 154-бабын бұза отырып, ЕАЭО кедендік аумағына тауарлар мен көлік құралдарының келуі туралы кеден органын уақытылы хабардар етпеген және тауарға құжаттарды ұсынбаған", - дейді комитет өкілдері.

Аталған заңбұзушылықтар үшін тасымалдаушылар ҚР ӘҚБтК-нің 524 және 531-баптары бойынша әкімшілік жауапкершілікке тартылды. 

"Тауарлар мен көлік құралдарына жүргізілген кедендік тексеру барысында жалпы салмағы 155,8 тонна болатын электронды темекі (вейп) анықталды. Мамандардың қорытындысы бойынша тауардың жалпы құны 6,1 млрд теңге, кедендік төлемдер мен салықтардың болжамды сомасы 1,9 млрд теңгені құрады", - делінген МКК хабарламасында.

Материалдар әрі қарай процессуалдық іс-қимылдарын жүргізу үшін Жетісу облысы бойынша Экономикалық тергеу департаментіне берілді.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу