Тексерісті жүргізуге тауардың кедендік құнының төмендігі негіз болды. Бұл туралы ҚР ҚМ Мемлекеттік кірістер комитетінде хабарлады.
"Алакөл" кеден бекетінің мамандарымен тексеріс жүргізу кезінде Қазақстан Республикасының кеден заңнамасын бұзу фактісі анықталды. Заңсыз әкелінген тауарлардың кедендік құны шамамен 43 млн теңгені құрайды. 2022 жылдың сәуір айында материалдар қылмыстық іс қозғау үшін Алматы облысы бойынша экономикалық тергеу департаментіне жолданды", – деп жазылған хабарламада.
Жыл басынан бастап қазіргі уақытқа дейін Мемлекеттік кірістер департаменті 21 факт бойынша (13 жүк алушыға қатысты, оның ішінде 9 – резидент, 4 – резидент емес) қылмыстық іс қозғау үшін құқық қорғау органдарына материалдарды жіберді, онда тауарлардың кедендік құны шекті деңгейден асқаны анықталған (10 000 АЕК-тен астам).
Осылайша, заңсыз әкелінген тауарлардың жалпы кедендік құны 1 млрд 836 млн теңгені, ал салмағы 695 тоннаны құрады.