Алакөл көліне кәріз суы құйылып жатыр ма (Видео)

1887

 Алматы облысы әкімдігі әлеуметтік желіде жарияланған видеоға қатысты жауап берді. 

Алакөл көліне кәріз суы құйылып жатыр ма (Видео)

Куәгерлер түсіріп алған бейнежазбада құбырдан лас су құйылып жатқанын анық көруге болады. Бейнежазба Фэйсбук әлеуметтік желісінің қолданушысы Бауыржан Омаровтың парақшасында жарияланған. Ол өзінің жазбасында жағдай Ақшы ауылында орын алған деп көрсеткен. Сондай-ақ, оның сөзінше шағын демалыс үйлерінің қасынан жаңа элиталы қонақ үй салынған. 

Бұған қатысты Алматы облысы әкімдігі жауап берді. Ресми органның айтуынша, "Көктем гранд" қонақүйі бассейн суын тікелей көлге ағызған. Қазір ауданнан тексеріс жүргізуге комиссия жолға шығыпты, сондай-ақ, "Атамекен" кәсіпкерлер палатасының өкілдері де бар.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу