Алакөл курорттық аймағының инфрақұрылымы жақсартылады

1236

Алакөл курорттық аймағының инфрақұрылымы жақсартылады

Бұл туралы ҚР инвестициялар және даму министрі Жеңіс Қасымбек мәлім етті, деп хабарлайды primeminister.kz.

"Біз ҚР Мәдениет және спорт министрлігімен туризм мәселелері жөнінде белсенді түрде жұмыстар атқарудамыз. Бізде туристік ахуалды жақсарту үшін инфрақұрылымды дамытудың нақты шаралар жоспары бар", – деді спикер.

Жеңіс Қасымбек Алакөл көлінің курорттық аймағындағы жағдайға ерекше тоқталып өтті.

"2017 жылы Алакөл көлінің курорттық аймағына апаратын Үшарал - Достық жолының құрылысы басталады", – деді ол.

Министрдің айтуынша, жыл сайын Алакөлге баратын Алматы облысы тұрғындарының өзі 500 мың адамға жетеді. 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу