Алакөл маңында қанаты сынған аққуға құтқарушылар көмектесті

326

Аққу қамыс арасында қалып қойған.  

Алакөл маңында қанаты сынған аққуға құтқарушылар көмектесті Фото: grandgames.net

Алакөл ауданындағы Ақши ауылының маңында ТЖМ құтқарушылары Алакөл көлінде профилактикалық іс-шара жүргізіп жатқан кезде қамыстың арасынан жарақат алған аққуды байқап, бейжай өте алмады, деп жазады inbusiness.kz сайты.

Құтқарушылар құсты абайлап алып шығып, жылытып, тамақтандырып, содан кейін Үшарал қаласындағы ветеринар мамандарға тапсырды.

Мамандар тексеру барысында аққудың сол жақ қанаты сынғанын анықтады. Аққу қанаттарын баяу қимылдатып, көмегі үшін құтқарушыларға алғыс айтқандай болды.

 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу