Алакөл мен Балқаш жағалауына апаратын жолдар құрылысы келесі жылы аяқталады

 Биыл Алакөл жағалауында 1,5 млн турист демалған.  

Алакөл мен Балқаш жағалауына апаратын жолдар құрылысы келесі жылы аяқталады Фото: inbusiness.kz

Бұл туралы Орталық коммуникациялар қызметінде өткен брифингте өңір басшысы Бейбіт Исабаев мәлім етті, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.

"Алакөлге жол берілген, 90%-ға аяқталып отыр. Балқашқа жолды келесі жылдың қараша айына дейін бітіреміз. Үшарал әуежайы былтыр толық жөндеуден өтті. Үлкен габаритті ұшақтарды қабылдай алады. Алакөлдің жағасындағы Ақши ауылына Астанадан "Тальго" пойызының қатынасы ашылды", – деді Бейбіт Исабаев.

Сонымен қатар ол 10 айда облысқа барған туристер санына тоқталды. 

"10 айда облысқа 2 млн турист келсе, оның 1,5 млн-ы Алакөл жағалауында демалған. Сонымен қатар, Балқаш көлі жағасында инженерлік-коммуникациялық желілердің құрылысы басталады, бұл мақсатқа келесі жылы 2,1 млрд теңге қарастырылған. Ал 2025 жылдан бастап демалыс орындары, қонақ үйлер салына бастайды", – деді өңір әкімі. 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу