Алакөл мемлекеттік ұлттық табиғи паркінде жарылыс болып, бір адам қаза тапты және жетеуі жарақат алды, деп хабарлайды ҚазАқпарат.
"10 сәуірде сағат 15:00 шамасында Алматы облысы Үшарал қаласында Алакөл мемлекеттік ұлттық табиғи паркі әкімшілігінің аумағында автоцистерна сорғышына жөндеу жұмыстарын жүргізу кезінде жарылыс болды. Соның салдарынан Алакөл аудандық ауруханасына түрлі жарақат алған 8 жұмыскер жеткізілді. Олардың біреуі алған жарақаты салдарынан көз жұмды", – делінген ҚР ТЖК баспасөз қызметінің хабарламасында.
Қазіргі таңда жарылыстың неден болғаны анықталып жатыр.
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ
Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу