Бұл туралы өңір әкімі Берік Уәли Орталық коммуникациялар қызметінде өткен баспасөз конференциясында мәлімдеді, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.
Биыл жергілікті бюджеттен 1 млрд теңге бөлініп, Қабанбай ауылында құтқару станциясы мен өрт сөндіру депосының құрылысы басталған.
Сонымен қатар жаңа электр желісін тарту және қатты тұрмыстық қалдықтар полигонын салу бойынша жобалық-сметалық құжаттама әзірленіп жатыр.
Жобаларды жүйелі әрі сапалы жүзеге асыру үшін көл жағалауының жаңа бас жоспарының жобасы әзірленіп жатыр. Онда жалпы ауданы 1000 гектардан асатын демалыс және туризм аймақтарын қалыптастыру, сондай-ақ қоғамдық және тұрғын аумақтарды дамыту көзделген, – деді Берік Уәли.
Әкімнің айтуынша, жоспар іске асқанда Қабанбай ауылының аумағы мен көл жағалауы біріктіріліп, игерілген жер көлемі 3 мың гектарға дейін ұлғаяды. Бұл шаралар болашақта Алакөлді өңірдің жетекші туристік орталықтарының біріне айналдыруға мүмкіндік береді.