Алакөл жағалауын бекітуге қаражат жоқ

846

Алакөл жағалауын бекітуге қаражат жоқ

ШҚО Үржар ауданы әкімінің орынбасары Алакөл жағалауында дауылдан кейін түсірілген видеоға қатысты пікір білдірді, деп хабарлайды kaz.altaynews.kz.

"Қатты дауыл болды, секундына 25-26 метр, екі күн, дауыл соқты, әрине осыдан кейін су көтеріліп, біздің арбатқа қарай төгілді. Қазір ол жердің мұзы 5-7 сантиметр, оның астында барлық плитка жатыр. Ешқандай залал жоқ", – деп түсіндірді Үржар ауданы әкімінің орынбасары Дидар Хамитов.

Дегенмен шенеунік жағалаудың бірнеше метрін су шайғанын жасырмады. Оның айтуынша, шомылу маусымынан кейін коммуналдық кәсіпорын мамандары табиғи құбылыстардан сақтау үшін жағалауға орнатылған дүниенің барлығын жинастырған. Алакөл жағалауын бекіту мәселесі бұрыннан қозғалып келеді, алайда әзірше ол жұмыстарға қаржы жоқ. Шенеуніктер жағалауды қайта жөндеу үшін төрт миллиард теңгеден аса қаржы жұмсаған, алайда бұзып өтетін толқындардан еш сақтамаған.

"Алакөл жағалауында қосымша тоғыз пирс тұрғызамыз. Т-түріндегі пирстер біздің жағалаудың 3,2 шақырым жерін қорғай алады", – деді Дидар Хамитов 2019 жылға арналған жоспармен бөлісіп.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу