Алакөл жағалауында адасып кеткен 8 жасар бала табылды

315

Полиция мен тұрғындардың бірлескен әрекеті баланы тез табуға мүмкіндік берді.  

Алакөл жағалауында адасып кеткен 8 жасар бала табылды Фото: 24.kz

Алакөл жағалауында полиция қызметкерлері бір сағатқа жетер-жетпес уақыт ішінде адасып кеткен сегіз жасар баланы тауып, анасына аман-есен табыстады, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.

Демалыс кезінде бала анасына жағалауда қалып қойған аяқ киімін алып келетінін айтып, өздігінен кетіп қалған. Алайда біраз уақыттан кейін қайтып оралмаған. Бағдарынан жаңылған бала басқа елдімекенге қарай кетіп қалған.

Осы уақытта бейжай қарамаған азаматтар баланы байқап, сабырға шақырып, полиция қызметкерлеріне тапсырған. Полиция да дереу іздестіру жұмыстарын бастап, барлық патрульдік жасақтарға жедел бағдар берген.

Іздестіру нәтижесінде бала көп ұзамай табылып, анасына аман-есен жеткізілді. Оның өмірі мен денсаулығына ешқандай қауіп төнбегені белгілі болды.

Жетісу облысы полиция департаменті ата-аналарды балаларды көпшілік демалатын орындарда қараусыз қалдырмауға шақырады. Себебі аз ғана уақыттың өзі қауіпті жағдайға себеп болуы мүмкін. Баланың жоғалғаны байқалған жағдайда дереу полицияға хабарласу қажет.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу