Алакөл жағалауында бесжұлдызды қонақүй салынады

977

Алакөл жағалауында бесжұлдызды қонақүй салынады

Биыл Алакөл жағалауында 700 төсек-орындық бесжұлдызды қонақүй бой көтереді, деп хабарлайды altaynews.kz. 

"2015 жылы "Алтай Invest" форумының аясында меморандумға қол қойылған болатын. Ол жерде қол қойылған келісімдердің барлығы жүзеге асырылғанымен, "Керуен Плаза" қонақүйінің құрылысы енді басталады", - дейді ШҚО туризм және сыртқы байланыстар басқармасының басшысы Жасұлан Сәрсебаев. 

Аталмыш нысан ауқымды жоба болғандықтан, оның толық аяқталуына кемінде екі жыл уақыт кетеді деп болжанып отыр.

"Ол жерлерде өте көп мөлшерде құрылыс материалдары болатындықтан, алдымен жердегі топырақты нығыздау керек, — деп түсіндірді басқарма басшысы. – Бұл жұмыстарға бір жылдай уақыт кетті".

Болашақ қонақүйдің құрылысы осы жылы бастау алмақ. Құрылыс жұмыстарына 10 гектар жер телімі берілген екен. Қазір құрылыс компаниясы нығыздау, тегістеу, сеппе жұмыстарын толықтай аяқтап, тиісті құжаттарды рәсімдеп болыпты.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу