Алакөлде 3, 5 мың адам сиятын ALAZON ARENA шілде де ашылады

1567

Инвесторлар ALAZON ARENA жобасы алдағы 3-4 жылда өзінің шығынын ақтайды деген ойда. 

Алакөлде 3, 5 мың адам сиятын ALAZON ARENA шілде де ашылады

Шығыс Қазақстандағы Алакөл жағалауында екі ірі инвестициялық жоба жүзеге асырылып жатыр. Оның бірі және бірегейі - ашық аспан астындағы ALAZON ARENA. Сыйымдылығы 3,5 адамды қамтитын арена Юрмала қалашығының үлгісімен салынбақ, деп жазады Аltaynews.kz . Мұнда сахна, қонақүй, қойма, ас үй, би алаңы, VIP терасса, балалар алаңы, бар зонасы, касса, автотұрақ, көрермен алаңы, караоке, жасыл газон, демалу аймағы болады.

"Облыс әкімінің бастамасымен инвестор ретінде сәуір айында жобаны бастадық. Мақсатымыз- Алакөлдегі туризм деңгейін көтеріп, демалушылар ағынын көбейту. Жоба 2 жылға созылған. Алайда негізгі жұмыстарды аяқтап, шілде айының ортасында ашылып, демалушыларды қабылдаймыз деген жоспар бар", – дейді "Семей Көркем"  ЖШС директоры Арман Ахметқанов.

Жобаны жүзеге асыру үшін инвестор өз қалтасынан 300 млн теңге жұмсап отыр. Дегенмен инвесторға мемлекет тарапынан да қолдау көрсетілген. Инвесторлар ALAZON ARENA жобасы алдағы 3-4 жылда өзінің шығынын ақтайды деген ойда.

 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу