Алакөлде 5 жылдан бері балаларына алимент төлемеген әке сотталды

183

Оның қарызы 2,6 млн теңгеге жеткен. 

Алакөлде 5 жылдан бері балаларына алимент төлемеген әке сотталды Фото: inbusiness.kz

Жетісу облысының прокурорлары алиментті қасақана төлемей жүрген адамды қылмыстық жауапкершілікке тартты, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.

Алакөл ауданының тұрғыны 5 жыл бойы балаларына алимент төлеуден жалтарған.

Нәтижесінде оның 2,6 млн теңге көлемінде қарызы жиналған.

Аудан прокуратурасы Қылмыстық кодекстің 139-бабы бойынша сотқа дейінгі тергеуге бастамашылық жасап (балаларды асырауға қаражат төлеу бойынша міндеттерін орындамау), ол сотқа жіберілді.

Сот үкімімен борышкерге пробациялық бақылау белгілене отырып, 1 жыл мерзімге бас бостандығы шектелді.

Жыл басынан бері прокуратура шараларымен алимент төлемеген 206 адам әкімшілік жауапкершілікке, 6 борышкер қылмыстық жауапкершілікке тартылды.

Жетісу облысының прокуратурасы кәмелетке толмағандардың құқығын қорғауға бағытталған түбегейлі шара қабылдауды жалғастырады. 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу