Абай облысындағы Алакөл жағалауында бір ай ішінде полицейлер адасып кеткен 95 баланы тауып, мыңнан астам құқық бұзушылықтың жолын кесті, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.
Соңғы бір айда полицейлер 110 хабарлама мен шақыртуға барып, түрлі жағдайларға тап болған ондаған туристке көмек көрсетті. Сондай-ақ адасып кеткен 95 бала ата-анасына аман-есен қайтарылды.
– Қызмет барысында 1014 әкімшілік құқық бұзушылықтың жолы кесілді. Ең көп тіркелген құқық бұзушылықтар қоғамдық тәртіпті бұзу және жол қозғалысы қағидаларын сақтамауға қатысты болды. Көлікті мас күйде басқару деректері аз емес. Осы кезеңде полиция қызметкерлері ішімдік ішіп көлік басқарған 24 жүргізушіні анықтап, Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес жауапкершілікке тартты, – делінген ақпаратта.