Алакөлде демалатындар COVID-19 туралы анықтама алу керек

990

Демалыс аймағы иелеріне де санитарлық талаптарды сақтауға тура келеді. 

Алакөлде демалатындар COVID-19 туралы анықтама алу керек

Шығыс Қазақстандағы демалыс аймақтары тек коронавирустық инфекцияның жоқтығы туралы анықтамасы бар туристерді қабылдайды. Бұл туралы ШҚО бас санитарлық дәрігері  Марат Исмаилов мәлімдеді. 

"Шығыс Қазақстанда демалғысы келетіндер мен демалыс аймағы иелеріне бірқатар санитарлық талапты сақтауға тура келеді. Алакөлде демалатындарға COVID-19-ға тест тапсырғаны туралы анықтама алу керек", – деді бас санитарлық дәрігер. 
       
Оның сөзінше, анықтама тек 7 күнге ғана жарамды. Сонымен қатар отбасыға оның бір мүшесінің анықтамасының болуы жеткілікті. 

Бұдан бөлек жағажайда демалатындар 2 метр қашықтық сақтап, ал курортта адам саны жатын орын санының 50%-ынан аспауға тиіс. Санитарлық талаптардың ішінде бетперделер мен санитайзерлер қорының жеткілікті болуы, жанаспай дене қызуын өлшеуге арналған термометрлер бар. 

Құралай Құдайберген

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу