Алакөлде демалуға шектеу қойылған жоқ

1018

ШҚО-дағы ең танымал көлдегі демалыс базалары 13 маусымнан бастап ашылған болатын.  

Алакөлде демалуға шектеу қойылған жоқ

Өскемен мен Семей қалаларында карантин шараларының күшейтілгенімен, Алакөл демалыс базалары демалушыларды қабылдай береді, деп хабарлайды Altaynews.

Бұл туралы Туризм және сыртқы байланыс басқармасы мәлім етті.

ШҚО-дағы ең танымал көлдегі демалыс базалары 13 маусымнан бастап ашылған болатын. Қазір ол жаққа көліктің барлық түрлері – пойыз, ұшақ, автобус жүріп түр.

Демалыс базаларында барлық санитариялық-эпидемиологиялық талап сақталған. Демалушылар әлеуметтік ара қашықтық пен маскалық режимді сақтауға, антисептик қолдануға тиіс.

Облыстың бас мемлекеттік санитариялық дәрігерінің қаулысына сәйкес, Алакөлде демалу үшін Covid-19 инфекциясына тест тапсырып, анықтама алып келу қажет.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу