Алакөлде екі қыз суға батып кете жаздады

134

ТЖМ судағы қауіпсіздік ережелерін мүлтіксіз сақтауды сұрайды.    

Алакөлде екі қыз суға батып кете жаздады Фото: ҚР ТЖМ баспасөз қызметі

Абай облысы Мақаншы ауданында Алакөл 20 және 19 жастағы екі қыз суға батып кете жаздады, деп жазады inbusiness.kz сайты.

Қыздар көлдің жағасында серфинг тақтасында сырғанап жүрген. Толқыннан тақта аударылып кеткен.

Осыдан кейін олар өз бетінше жағаға шыға алмай қалған. Құтқарушы гидроциклмен жылдам жетіп, жасөспірімдерді судан шығарып, қауіпсіз жерге жеткізді.

Медициналық көмек қажет болмады.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу