Алакөлде судың ортасында қалып қойған 2 адам құтқарылды

519

Демалушылар жағалауға жете алмай қиын жағдайға тап болған.  

Алакөлде судың ортасында қалып қойған 2 адам құтқарылды Фото: polisia.kz

Оқиға Абай облысы полиция департаментінің жылдам қимылдайтын арнайы жасақ қызметкерлері мен облыстық ТЖД қызметкерлерінің бірлескен патрульдеуі кезінде болған, деп жазады inbusiness.kz сайты.

Қызметкерлер су ортасында қалып қойған азаматтарды дер кезінде эвакуациялап, жағаға аман-есен жеткізді.

Бұған дейін Алакөл жағалауына жұмыс сапары барысында Абай облысы полиция департаментінің бастығы Эльдар Данияров пен Абай облысы төтенше жағдайлар департаментінің бастығы Манарбек Шапағатов су айдыны мен жағалау аумағында бірлескен патруль ұйымдастыру туралы шешім қабылдаған еді.

Қабылданған шешім қысқа мерзім ішінде өзінің тиімділігін көрсетті. Бірлескен патрульдеу барысында 2 адамның өмірін төнген қауіптің алдын алып, олар дер кезінде құтқарылды.

Абай облысында демалыс маусымы кезеңінде полиция мен төтенше жағдайлар қызметінің бірлескен патрульдеуі азаматтардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету мақсатында тұрақты түрде жүргізіліп жатыр.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу