Алакөлде туристерге арналған ақпараттық орталық ашылды. Аталмыш орталықтың кеңесшілерінен демалушылар барлық қажетті ақпаратты ала алады. Ол өз жұмысын жаңа туристік маусымнан бастамақ, деп хабарлайды altaynews.kz.
"Жағалауға келген адам жергілікті базалар, қонақүйлер, тамақтану орындары туралы тегін ақпарат ала алады, — дейді ШҚО туризм және сыртқы байланыстар басқармасының басшысы Жасұлан Сәрсебаев. – Бірақ, ең маңыздысы, Алакөлдің емдік қасиеті, оның суының қандай сырқаттарға пайдалы екені туралы ақпарат беріледі".
Сондай-ақ, туристерге бір терезе қағидасы бойынша толық қызметтер кешені көрсетіледі. Алдағы уақытта мұндай ақпараттық орталықтарды ШҚО-ның барлық туристік аймақтарында ашу жоспарланып отыр.
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ
Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу