Алакөлде 17 жастағы жасөспірім достарының көзінше суға батып кетті

308

Қайғылы оқиға жағадан шамамен 500 метр қашықтықта болған, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.

Алакөлде 17 жастағы жасөспірім достарының көзінше суға батып кетті Фото: Westend61 / Getty Images

Алдын ала мәліметке сәйкес, жасөспірім құтқару күртешесін киместен суға секірген.

Абай облыстық Полиция департаменті қайықты тізгіндеген 32 жастағы азаматқа қатысты сотқа дейінгі тергеу бастады.

Ол қауіпсіздік талаптарына сай келмейтін қызмет көрсетіп, абайсызда адам өліміне себеп болды деген күдікке ілінді.

Қайғылы жағдайдың нақты мән-жайы анықталып жатыр.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу