Алакөл жағалауында демалып жүрген Өскемен тұрғыны телефоны мен қолсөмкесін жоғалтып алған, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.
Өздігінен іздеп таба алмаған соң, полицияның модульдік пунктіне жүгінген.
Полиция қызметкерлері жағалаудағы ЖИ камераларының жазбаларын қарап, жоғалған заттарды өтіп бара жатқан азаматтың тауып алғанын анықтады. Ол заттарды полицияға тапсыру үшін өзімен бірге алып кеткен.
Камера жазбалары мен дрон көмегі арқылы азаматтың жүрген бағыты анықталып, іздеу жұмыстары жүргізілді. Нәтижесінде телефон мен сөмкедегі барлық зат шамамен бір сағат ішінде табылып, иесіне қайтарылды.
Демалушы полиция қызметкерлеріне жедел көмегі үшін алғысын білдірді. Жоғалған заттарды іздеуге полиция қызметкерлері Дастан Бейсканов, Ұлан Шора және Ерлан Калиев қатысты.
Полицияның мәліметінше, Алакөлде бейнебақылау жүйелері қоғамдық қауіпсіздікті қамтамасыз етумен қатар, демалушылардың жоғалған заттарын табуға да көмектесіп отыр.