Алакөлдегі әуе кемесінің құлауына қатысты тың дерек шықты

195

Дельтапланның ұшуға рұқсаты болмаған. 

Алакөлдегі әуе кемесінің құлауына қатысты тың дерек шықты Фото: ҚР ТЖМ

Азаматтық авиация комитеті 25 шілдеде Алакөлде болған әуе апатына қатысты тексеру жүргізді. Бұл әуе кемесі азаматтық әуе көліктерінің мемлекеттік тізімінде тіркелмеген, тиісінше ұшуға жарамды деген сертификаты да жоқ болып шықты, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.

"Әуе кемесінің құлау себептерін тергеумен құқық қорғау органдары айналысады. Әлеуметтік желілерде әуе кемелерінде, шарда және өзге де ұшу аппараттарында әуе сапарын жарнамалау жағдайлары жиілеп кетті", - дейді комитеттен. 

Әуе көлігін таңдау кезінде қауіпсіздіктің негізгі аспектілерін ескеру маңызды:

— әуе кемесінің иесінің уәкілетті органдар берген барлық қажетті лицензиялары мен сертификаттары бар екеніне көз жеткізіңіз;

— әуе кемесіне техникалық қызмет көрсету қашан жүргізілгенін біліңіз;

— ұшқыштың тәжірибесі мен біліктілігі туралы сұраңыз. Оның әуе кемесінің белгілі бір түрін басқару үшін жеткілікті тәжірибесі болуы қажет;

— әуе кемесінің иесі өзінің азаматтық-құқықтық жауапкершілігін, соның ішінде жолаушылар алдындағы жауапкершілігін сақтандырғанына көз жеткізіңіз;

— ұшу алдында қауіпсіздік бойынша нұсқама мен көрсетілім өткізілуі тиіс. Бұл сізге төтенше жағдайда қалай әрекет ету керектігін білуге көмектеседі;

— барлық апаттық-құтқару жабдықтары (мысалы, құтқару кеудешелері) жарамды күйде екендігіне көз жеткізіңіз;

— ұшу алдында ауа-райының ұшу үшін қауіпсіз екеніне көз жеткізіңіз. Қолайсыз ауа райында ұшудан аулақ болыңыз.

"Ұшу қауіпсіздігіне күмәніңіз болса, ақпарат алу үшін Азаматтық авиация комитетіне және "Қазақстанның авиациялық әкімшілігі" АҚ-ға хабарласыңыз", - дейді мамандар.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу