Алакөлдегі демалыс орындары күшейтілген карантинде де жұмыс істейді

1026

Алматы облысында ешқандай тексеру талап етілмесе, Шығыс-Қазақстандағы жағажайға өту үшін ПТР тест қорытындысы сұралады. 

Алакөлдегі демалыс орындары күшейтілген карантинде де жұмыс істейді

Карантин күшейтілсе де Алакөлдегі демалыс орындары әдеттегі дағды бойынша жұмыс істейді, деп хабарлайды Atameken Business.

Екі апталық локдаунда көлдің қос жағалауы да келушілерді қарсы алуға дайын. Тіпті жағалауда маскасыз жүруге де рұқсат берілмек. Сондай-ақ, Алматы облысында ешқандай тексеру талап етілмесе, Шығыс-Қазақстандағы жағажайға өту үшін ПТР тест қорытындысы сұралады. Бір отбасы немесе бір топқа бір тест нәтижесі жарай береді.

Айта кетсек, айдынды Алакөлдің суы көптеген дертке дауа болғандықтан, азаматтардың көбі негізінен сонда емделуге барады.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу