Шығыс Қазақстан облысында 23 шілдеден бастап Алакөл көлінің демалыс орындарында демалушыларды қабылдау тоқтатылды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тҮржар ауданының бас мемлекеттік санитар дәрігеріне сілтеме жасап.
Қаулыда 2020 жылдың 23 шілдесіне дейін келген келген демалушыларға демалыс базасында жолдамада көрсетілген мерзім аяқталғанға дейін демалуға рұқсат етілгені хабарланған.
Шектеу шараларының режімі мен мерзімі аудан аумағында коронавирус инфекциясының таралу жағдайына қарай өзгеруі мүмкін.
Үржар ауданының әкімі мен аудандық полиция бөліміне 23 шілдеден бастап Алакөл көлінің туристік-рекреациялық аймағына кіретін жолды жабу және су қоймасына апаратын автожолда мобильді бекет жұмысын қамтамасыз ету мен қоғамдық құқықтық тәртіпті сақтау үшін күнделікті күзету тапсырылды.