Алакөлдегі демалыс орындары жазғы маусымға дайын емес

1017

Алакөлдегі демалыс орындары жазғы маусымға дайын емес

Алакөлдегі демалыс орындарында кемшіліктер жойылмайынша, бизнесмендерге жұмыс істеуге рұқсат берілмейді. Бұл туралы облыс әкімі көл жағалауында ішкі туризмді дамытып отырған кәсіпкерлермен кездесуінде мәлімдеді.

Даниал Ахметов Алакөл жағалауының абаттандырылуын тікелей бақылауда ұстап отыр. Қазір мұнда қайнаған жұмыс жүріп жатыр. Жағалауды абаттандыруға 500 млн теңге, жол жөндеуге 1,5 млрд теңге бөлінген. Осыған қарамастан, кәсіпкерлердің көбі өзіне тиесілі телімде анықталған заңбұзушылықтарды жоймаған. Облыс әкімі арнайы жиын барысында демалушылардың өміріне қауіп төндіретін нысанның ешқайсысын ашуға рұқсат берілмейтінін тағы бір рет ескертті. Ал кімде-кім рұқсат құжатынсыз нысанды ашатын болса, заң алдында жауап береді. Демалыс орындардың иелері олқылықтардың барлығын қысқа мерзімнің ішінде жоюға уәде беріп отыр. Даниал Ахметов, Облыс әкімі Қазір 147 кәсіпкер бар. Оның 19-да ғана жағдай дұрыс. Ал128 кәсіпкер жұмыс істеу керек, ол үшін сіздерде уақыт бар.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу