"Бизнесті тексеруге арнайы мораторий жарияланған. Сондықтан бұл нысандар биыл тексерілмеген. Десек те, біздің тікелей қызметімізге кіргендіктен өрт маусымы мен суға түсу маусымы басталғанда құтқарушылар, өрт сөндірушілер осы нысандарды аралап, профилактикалық жұмыстар жүргізді. Заңды күшіне енген нақты моратий болғандықтан, оны қандай да бір жағдайдан кейін бұзуға ешқандай мемлекеттік органның құқығы жоқ. Егер де кез келген азаматтың демалып жатқан орнында өміріне қауіп төндіретін жағдайлар орын алса, ол ТЖ департаментіне, полицияға шағымдана алады. Соның негізінде кез келген мемлекеттік орган бизнес субъектісін тексере алады", – деді Талғат Уәли.
Еске сала кетейік, 4 шілде күні ШҚО Үржар ауданындағы Алакөл көлінің "Керуен" демалыс базасынан өрт шыққан. Тілсіз жау ауданы 3 мың шаршы метр болатын аумақты шарпып, Керуен, Әлихан, Жібек жолы, Айгерім демалыс орындарындағы 17 нысан толығымен өртеніп кеткен.