Алакөлдегі өрттен зардап шеккен бизнес субъектілерінің шығынын кім өтейді

757

Алакөлдегі өрт оқиғасына қатысты шығын көлемін анықтау мақсатында арнайы комиссия өз жұмысын бастады. Бұл туралы Төтенше жағдай министрлігінің ресми өкілі Талғат Уәли мәлімдеді, деп хабарлайды inbusiness.kz.

Алакөлдегі өрттен зардап шеккен бизнес субъектілерінің шығынын кім өтейді

Осы тұста зардап шеккен бизнес субъектілері мен демалушылардың шығынын кім өтейді деген заңды сұрақ туындайды.

"Бұл сұрақ Төтенше жағдай министрлігінің құзыретіне кірмейді. Десе де, туристердің қолдарында жолдамалары болса, арыз жазып, кеткен шығынды қайтаруды талап ете алады", – деді Талғат Уәли.

Кез келген бизнес субъектісі өзінің нысанын сақтандырған болса, онда сақтандыру компаниясынан өтемақы талап етуге құқығы бар. Ал сақтандыру болмаған жағдайда, бұл мәселені арнайы құрылған комиссия шешеді.

Еске сала кетейік, 4 шілде күні ШҚО Үржар ауданындағы Алакөл көлінің демалыс базаларынан шыққан өрт таңғы сағат 05.40 шамасында толығымен ауыздықталды.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу