Ақпаратқа сәйкес, туристерді тарту және қызмет көрсету деңгейін арттыру мақсатында Алакөл жағалауын дамытудың жол картасы әзірленіп жатыр.
Жол картасы 40-қа жуық іс-шараны қамтымақ.
Бұдан бөлек "Алматы-Үржар-Семей-Үржар-Алматы" бағыттары бойынша рейстердің жиілігін арттыру да жоспарланған. 15 мамырдан бастап Астанадан Үржарға тікелей әуе қатынасы іске қосылады.
"Өрт қауіпсіздігін қамтамасыз ету үшін Қабанбай ауылында 2 бірлік техникаға арналған өрт депосын салуға ЖСҚ әзірлеу жүргізілуде. Жобаны іске асыру облысты дамытудың 2024 жылға арналған Кешенді жоспары шеңберінде жоспарланған. 2027 жылға дейін жаңа аймақтарды қоса алғанда, көлді жағалауды нығайту бойынша жұмыстар кезең-кезеңімен жүргізілетін болады", - деді облыс әкімінің бірінші орынбасары Айдын Кәрімов.