Алакөлдің жағасында балалар лагерін салу ұсынылды

1942

Бұл тері ауруларымен ауыратын балалар мен мүмкіндігі шектеулі балалар үшін аса қажет.

Алакөлдің жағасында балалар лагерін салу ұсынылды

Тері ауруларымен ауыратын, мүмкіндігі шектеулі балалар үшін Үржар ауданындағы Алакөлдің жағасында 220 орындық жаңа жаздық лагерь салу аса қажет. Шығыс Қазақстан облыстық білім басқармасының басшысы Сайрангүл Жұмаділова осылай айтты, деп хабарлайды altaynews.kz.

Аталмыш лагерьде сауықтыру, оңалту орындарымен қатар, ойын-сауық-танымдық іс-шаралар да ұйымдастырылатын болады. Яғни, мұнда жабық бассейн, ойын аймағы, амфитеатр, емдік денешынықтыру жүргізу үшін жаттығу залы бар спортзал, спорттық алаң, кинозал, кітапхана, дәрігер қабылдайтын кабинеті, физиологиялық кабинет, оқшаулағыш, логопедтік пункті және тұздық шахтасы бар медициналық блок қарастырылмақ.

"Үржар ауданында орналасқан қолданыстағы ішкі істер министрлігінің шипажайын жөндеуден өткізу нұсқасын тағы бір қарастырып, екінші мәрте сараптама жүргізу қажет. Алдағы уақытта өзім де сол жерде болып, ғимаратты көремін. Бұл лагерь балалардың демалысына ғана емес, сонымен бірге емделіп, денсаулықтарын түзетуіне де мүмкіндік туғызады. Себебі, бұл жерде Алакөлдің тамаша емдік мүмкіндігін пайдалануға нақты мүмкіндік бар. Бұдан бөлек Семейдегі Қарағайлы ықшам ауданында орналасқан пансионатта да оқушыларды сауықтыру жағын ойластырыңыздар. Біздің балаларымыз сауықтырудың бірегей мүмкіндіктерімен қамтылуы қажет", – деді облыс әкімі әкімдіктің кезекті мәжілісінде.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу