Алакөлге апаратын жолдар жөнделіп жатыр

856

Бұл туралы ОКҚ алаңында ҚР Индустрия және инфрақұрылымдық даму вице-министрі Берік Қамалиев мәлім етті, деп хабарлайды Inbusiness.kz.

Алакөлге апаратын жолдар жөнделіп жатыр

"Жыл қорытындысы бойынша Ортаазиялық республикаларды Ресей  Федерациясындағы Сібірдің шығысымен, сондай-ақ Қазақстанның оңтүстік және шығыс өңірлерін байланыстыратын халықаралық транзиттік дәліз Талдықорған-Өскемен учаскесін реконструкциялау бойынша негізгі жұмыстарды аяқтауды жоспарлап отырмыз",– деді Берік Қамалиев.

Оның сөзінше, "Үшарал-Достық" автожолы да күрделі жөндеуден өткізілу үстінде. Биыл аталмыш учаскеде қозғалыс ашылып, келесі жылы толық аяқталады. Аталған автожолдар Алакөл көлінің туристік кластерін дамыту үшін үлкен маңызға ие болып отыр.

"Сондай-ақ, Меркі – Бұрылбайтал әлеуметтік маңызы жоғары автомобиль жолы және Орта Азия елдерінен транзитке әсер етеді. Биыл негізгі жұмыстарды аяқтап, қозғалыс ашуды жоспарлап отырмыз",– деді ол.
 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу