ҚР Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігі елдегі төтенше жағдай аяқталғаннан кейін Алакөл жағалауына барып-қайтуға қолайлы болу үшін Үшарал қаласына субсидияланған әлеуметтік-маңызы бар рейстерді орындауды жоспарлап отыр. Атап айтқанда:
- Нұр-Сұлтаннан Үшаралға "Qazaq Air" әуе компаниясы мамырдан қазанға дейін аптасына 4 және одан көп рейс орындайды. Оған 265 млн теңге бөлінеді. Тариф құны – 16 мың теңге.
- Алматыдан Үшаралға "Южное небо" әуе компаниясы мамырдан қазанға дейін аптасына 6 және одан көп рейс орындайды. Бөлінген сома – 225,8 млн теңге. Тариф құны – 10 мың теңге.
- Талдықорғаннан Үшаралға "Жетысу" әуе компаниясы мамырдан қазанға аптасына 4 және одан көп рейс орындайды. Оған 218,7 млн теңге бөлініп, тариф құны 8 мың теңге болады.
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ
Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу