"Тальго" пойыздарының жақын арада іске қосылатыны туралы ақпарат 2022 жылғы 2 наурызда жарияланды, сол кездің өзінде қазақстандықтар ыңғайлы пойыздарда орын брондауды қалап, турфирмаларға қоңырау шала бастады.
"Ақпанда туроператорларға қолданыстағы теміржол рейстеріне билеттердің жеткіліксіздігі мәселесін шешуге уәде берілді. Күн ара №211/212 "Алматы-Достық" және аптасына 3 рет №453/454 "Алматы-Достық" қосымша екі "Тальго" пойызын іске қосу туралы шешім қабылданды", – деді "Атамекен" ҰКП туризм департаменті директорының орынбасары Елена Михнова.
"Тұран-Экспресс" ӨК ЖШС атқарушы директоры Раушан Сартаеваның айтуынша, жаңа бағытқа билеттер жүйеде пойыз рейсті бастамай тұрып 45 күн бұрын пайда болуға тиіс, бүгінгі күні билеттер әлі жоқ.
"Егер пойыздар белгіленген мерзімде жүре бастағанда, жүйеде билеттер 1-5 мамырда пайда болуы керек еді. Қазіргі кезде демалу және демалыс аймағына жайлы жетуді қалайтын туристер бізге үнемі қоңырау шалады. Адамдар Тальго іске қосылғаны туралы хабарламаларды көрді. Бірақ біз кешірім сұрап, пойыздардың жоқ екенін түсіндіруге мәжбүрміз", – деді Раушан Сартаева.
Кәсіпкер нөмірлік қор бос еместігін, ал адамдар демалыс аймағына жеке көлікпен баруға мәжбүр екенін айтты.
Туроператорлар теміржол көлігінің жеткіліксіздігі мәселесін 2021 жылдың қарашасынан бастап көтеріп келеді. Мәселені шешу үшін "Атамекен" ҰКП өз алаңында кәсіпкерлер, "Қазақстан темір жолы" ҰК" АҚ және салалық ведомствоны бірнеше рет жинады. Туристік нарық және "Жолаушылар тасымалы" АҚ-пен бірлесіп, туроператорлар үшін коммерциялық пойыздарға орындарды ерте резервтеу қағидалары әзірленді және бекітілді. Бұл шара сұранысты түсіну, туристер мен туристік компанияларға ыңғайлы болу үшін жасалды.