Алакөлге барған демалушы бір аяғынан айырылып қалды

505

Оқыс жағдай 30 шілде күні болған. 

Алакөлге барған демалушы бір аяғынан айырылып қалды Фото: Astana TV

Алакөлге демалуға барған қазақстандық сол жақ аяғынан айырылып қалды, деп жазады inbusiness.kz. 

Желіде оқиға кезінде түсірілген бейнежазба тарады.

Белгілі болғандай, суға батып бара жатқан ер адамды құтқарған кезде аяғын моторлы қайықтың бұрандасы кесіп кетті.

Зардап шегушіге шұғыл түрде хирургиялық ота жүргізілген. Бүгінгі таңда оның жағдайы өте ауыр деп бағаланып отыр. 1984 жылы туған ер адамға өкпені жасанды желдету аппараты қосылған.

"Алакөл аудандық полициясының қызметкерлері аталған факт бойынша іс жүргізумен айналысады. Сотқа дейінгі тергеп-тексеру ҚР ҚК 344-бабы (Темiржол, әуе, теңіз немесе өзен көлiгi жүрісі немесе оларды пайдалану қауiпсiздiгi қағидаларын бұзу) бойынша жүргізіледі. Қылмыстық істі аудандық полиция басшылығы ерекше бақылауға алды", - деп хабарлады  Жетісу облыстық ПД.

 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу