1 маусымнан бастап Алакөлге қатынайтын пойыздар мен автобустар іске қосылады, деп жазады inbusiness.kz "Хабар 24"-ке сілтеме жасап.
Пойыздар тек тақ күндері, жолаушылар автобусы күн сайын жүретін болады.
Туристер үшін барлығы 15 вагон жіберілмек. Автобус билетінің құны 3,5 мың теңгеден бастап 7 мың теңгеге дейін тұрады.
"Пойыздың құрамы плацкарт және купе-вагондарынан жалпы сыйымдылығы 342 орыннан тұратын болады. Бүгінде министрлік тасымалдаушыны анықтау бойынша конкурстық рәсімдерді жүргізіп жатыр. Сонымен қатар облыс орталығынан күн сайын тұрақты түрде 2 рет Алакөл көлі бағытында жүретін облысаралық автобус қатынайтын болады", - деді ШҚО Жолаушылар көлігі және автожолдар басқармасының бөлім басшысы Қуаныш Акрамов.