Алакөлге қосымша рейстер ашылады

1103

Билет құны 10-16 мың теңге аралығында.  

Алакөлге қосымша рейстер ашылады

Алакөл демалыс аймағындағы Үржар кентіне Нұр-Сұлтан, Алматы және Өскеменнен рейстер ашылады, деп хабарлады ҚР Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігінің баспасөз қызметі.

"Биылғы жылы төтенше жағдай аяқталғаннан кейін Алакөл демалыс аймағына барып-қайтуға қолайлы болуы үшін Үржар кентіне субсидияланған әлеуметтік маңызы бар рейстер ашуды жоспарлап отыр", – деді министрлік.

Атап айтқанда:

Нұр-Сұлтан қаласынан Үржарға "Южное небо" әуе компаниясы мамырдан қазан айына дейін аптасына 6 және одан көп рейс орындайды. Оған 174,3 млн теңге бөлінеді. Бір жаққа тариф құны - 16 мың теңге.

Алматыдан Үржарға "Южное небо" әуе компаниясы мамырдан қазан айына дейін 4 және одан көп рейс орындайды. Оған 109,4 млн теңге бөлінеді. Бір бағыт бойынша тариф құны - 14 мың теңге.

Өскеменнен Үржарға "Южное небо" әуе компаниясы жыл бойына аптасына 1 рейстен атқарады. Бөлінетін сома – 207,7 млн теңге. Тариф құны – 10 мың теңге.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу