Алакөлге қосымша тікелей әуе рейстері ашылмақ

589

Алакөлге қосымша тікелей әуе рейстері ашылмақ

Биыл Алакөлге қосымша тікелей әуе рейстері ашылады, деп хабарлайды 24.kz. 

Алакөлге туристердің қызығушылығы жоғары. Аймақта былтырдың өзінде 800 мыңға тарта адам демалған. Табиғаты жанға сая өлкеде 180-нен аса демалыс орны жұмыс істейді. Былтырдың өзінде қосымша 19 нысан ашылды. Нәтижесінде 209 жаңа жұмыс орны пайда болды.

Жалпы, облыстың бұл саладағы әлеуеті зор. Айталық, 4 жылда өңірдегі туристік қызмет көрсету деңгейі 2 есеге артқан.

"Биылғы туристік маусымнан бастап Алматы, Астана, Өскемен және Семей қаласынан Алакөл жағалауындағы Үшарал аэродромына әуе ұшақтары тікелей ұшатын болады. Жалпы билеттердің құны 7 мың теңгенің маңайында болады. Бүгінгі министрліктің мақсаты – осы демалыс аймағына ең бірінші өзіміздің қазақстандық заматтардың баруына ыңғайлы жағдай жасау. Сондықтан Алматы облысы болсын, жан-жақты жергілікті болсын, республикалық бюджеттен қолдау көрсетіліп жатыр", - дейді ҚР МСМ туризм индустриясы комитетінің департамент директоры Жалғас Балғожин.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу