Алакөлге қосымша жазғы пойыздар жүре бастайды

801

"Жолаушылар тасымалы" компаниясы Алакөлге жазда тағы бірнеше пойыз жүретінін жариялады, деп хабарлайды inbusiness.kz "Қазақстан темір жолы" ҰК" АҚ баспасөз қызметіне сілтеме жасап. 

Алакөлге қосымша жазғы пойыздар жүре бастайды

Нақтырақ айтқанда, 17 маусымнан бастап №457/458 пойызы "Семей-Достық" бағытында күн ара қатынайды. Пойыздар Семей стансасынан тақ, ал Достық стансасынан жұп күндер бойынша жүреді.

Сондай-ақ, 17 маусымынан бастап №459/460 пойызы "Өскемен-1 – Достық" бағытында күн ара шығатын болды. Өскемен-1 стансасынан тақ, Достық стансасынан жұп күндері жолға шығады.

20 маусымнан бастап №257/258 пойызы "Нұр-Сұлтан-1 – Достық" бағытында аптасына 2 рет қатынайды (жексенбі және бейсенбі күндері). Пойыз Нұр-Сұлтаннан, дүйсенбі, Достықтан жұма күндері жөнелтіледі.

"Курорттық аймақ бағытында аптасына 2 рет жиілігімен қатынайтын №54/53 "Нұр-Сұлтан – Достық" пойызы бар. Одан бөлек, жазда құрамында "Нұр – Сұлтан-Достық" тіркемелі вагоны бар №121/122 "Нұр-Сұлтан-Семей" пойызы жүріп тұр. №6941/6942 "Ақтоғай-Семей" пойызына Ақтоғай стансасында қайта тіркелетін №21/22 "Қызылорда-Семей" пойызы құрамындағы "Алматы-Достық" қатынасындағы тікелей вагон барын да еске саламыз",делінген компания таратқан мәліметте.

Жолаушылар пойызының қозғалыс кестесі бойынша анықтамалық ақпаратты "105" нөмірі арқылы алуға болады.

Аян Бекенұлы

 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу