Аламан бәйгеде аты озғанға 2 миллион теңге беріледі

1009

Аламан бәйгеде аты озғанға 2 миллион теңге беріледі

23 қыркүйек күні "Рухани жаңғыру" бағдарламасы аясында Сырым ауданы орталығы Жымпиты ауылында атақты шешен, ел бастаған көсем әрі батыр Сырым Датұлының 275 жылдығына арналған мәдени-көпшілік шаралар өтеді, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Мерейтойға келгендер алдымен Алаш және Сырым Датұлы атындағы тарихи-өлкетану музейінде болып, құнды жәдігерлермен танысады. Содан кейін дала қызықтарын (ат бәйгесі, күрес, ұлттық ойындар), театрландырылған қойылымдар мен мерекелік концертті тамашалайды.

Аудан әкімдігінен түскен мәліметке қарағанда, тойтөбеде өтетін 25 шақырымдық үлкен аламан бәйге жеңімпазына 2 млн, 2-орын иегеріне 1 млн, үшінші келгенге 700 мың теңге берілмекші. Сол секілді қазақы аттар арасындағы 25 шақырымдық кіші аламанда жүлделер сәйкесінше 1 млн, 700 мың және 500 мың теңге көлемінде тігіліп отыр. Ал 6 шақырымдық тай жарысында озып шыққандар 100 мың, 70 мың және 50 мың теңгеден алады. Оған қоса қазақ күресінен облыстық ашық турнирде алғашқы үш орынды иеленген палуандар да құр қалмай, оларға 300 мың, 200 мың және 100 мың теңгеден берілетін болады.     

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу