Аламан бәйгеде Бейбіт Ыстыбаевтың қосқан аты алда келді

975

Жамбыл облысында ұлттық ойын түрлерінен жарыс өтті.

Аламан бәйгеде Бейбіт Ыстыбаевтың қосқан аты алда келді

Шараға Алматы және Түркістан облыстары мен жергілікті 10 ауданның спортшылары қатысты. Олар қазақ күресі, көкпар, бәйге сияқты ұлттық ойындарға қатысып, үздіктерді анықтады, деп хабарлайды prosports.kz.

Жарысқа әсіресе шабандоздар ерекше дайындықпен барыпты. Аламан бәйгеге 30-ға жуық ат қосылып, сәйгүліктер де сынға түсті. 26 шақырым қашықтыққа шапқан жүйріктердің ішінен "Қазақстан барысы" турнирінің бірнеше дүркін жеңімпазы Бейбіт Ыстыбаевтың қосқан аты бас жүлдені жеңіп алды. Шара "Рухани жаңғыру" бағдарламасы аясында ұйымдастырылған. Мақсат – қазақы салт пен ұлттық құндылықтарды кейінгі ұрпаққа дәріптеп, ескі дәстүрді қайта жаңғырту.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу