Аламанның жеңімпазына автокөлік берілді

883

Аламанның жеңімпазына автокөлік берілді

Ақтөбеде Ұлы Жеңіс күніне орай өткізілген аламан бәйгеде бірінші келген шабандозға автокөлік тарту етілді, деп хабарлайды Aktobenews.kz.

Астана қаласында жаратылған бес жасар "Бақторы" атты сәйгүлік бабында екенін дәлелдеді. Барлық айналымда алғашқы болып келіп көрерменнің ықыласына бөленді.

"Біз бірінші келетінімізге сенімді болдық. Жылқыны жақсылап жараттық. Қыстыгүні Алматы қаласында, жаздыгүні Астана жақта дайындаймыз. Бізде өз арамызда бәйгелер ұйымдастырып тұрамыз. Бүгін ұтып алған машинаны басқа жарыстарға тігетін боламыз", — дейді сәйгүлік иесі Нұрдәулет Қуанышұлы.

Жылқыны тақымдап жүлдегер болған шабандоз — алматылық.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу