Алматыда өзбектің көтерме-бөлшек сауда базары ашылады

792

Алматыда өзбектің көтерме-бөлшек сауда базары ашылады

Аламтыда Наурыз қарсаңында өзбектің көтерме-бөлшек сауда базары ашылады. Осыған байланысты Өзбекстанның сауда-өнеркәсіп палатасының аймақтық басқармалары елдегі кәсіпкерлерге жаңа мүмкіндіктер туды деп жар салуда, деп жазады kursiv.kz.

"Самал" базарының бас директоры Талғат Исақовтың сөзіне сүйенсек, өзбек кәсіпкерлеріне сауда нүктесін жалға беру алғашқы 6 айда ақысыз болады.

Ташкенттің СӨП облыстық басқармасының өкілі Дилшод Менглиевтің айтуынша, Өзбекстанның барлық өнімі Қазақстанға осы "Самалдан" таралады. 
"Тұтынушыға бұл ыңғайлы, әрине. Ал экономикалық тұрғыдан біздің оңтүстіктің аграрларына аса жағымды жаңалық емес. Білгіміз келетіні, Өзбекстаннан бұның өтеуіне не алдық, әлде ойын біржақ қақпада ғана қызып жатыр ма? Ал әзірге бізге пысық көршілер үшін қуану ғана қалып тұр", - деп пікір білдірді бұрынғы дипломат, қазақстандық атақты блогердің бірі Қазбек Бейсебаев фейсбукте.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу