Алан Құрманғалиев пен Кирилл Герасименко "WTT Contender Almaty" халықаралық турнирінде өнер көрсетті

718

Алан Құрманғалиев пен Кирилл Герасименко "WTT Contender Almaty" халықаралық турнирінде өнер көрсетті, деп жазады inbusiness.kz. 

Алан Құрманғалиев пен Кирилл Герасименко "WTT Contender Almaty" халықаралық турнирінде өнер көрсетті

Алматыдағы "ADD" үстел теннисі орталығында "WTT Contender Almaty" халықаралық турнирі өтіп жатыр. Бүгін жарыстың басты фавориттері бақ сынады. Олардың арасында таяуда ғана Азия чемпионатының қола медалін жеңіп алған 15 жасар Алан Құрманғалиев пен ұлттық құраманың көшбасшысы Кирилл Герасименко бар.

Алан Құрманғалиевтің алғашқы қарсыласы Еуропа чемпионы және Еуропа ойындарының жеңімпазы 36 жастағы португалдық Тьягу Аполония болды. Екеуі де керемет ойын көрсетті. Бірінші партияда отандасымыз (11-7) сенімді түрде жеңіске жетті. Бірақ та, Аполония келесі екі ойында басым түсті. Қорытынды партияда Алан алға шыққанымен (9-5), португалиялық біздің спортшымызға дес бермеді. Осылайша, Құрманғалиев 3:1 есебімен Тьягу Аполонияға есе жіберді (11-7, 6-11, 3-11, 9-11).

Кирилл Герасименко жеке біріншілікте әлем чемпионатының жеңімпазы және бірнеше дүркін жүлдегері, Швециядан келген Маттиас Фалькпен кездесті. Ойын басында швециялық спортшы Герасименкодан басым түсті. Үшінші партияда Герасименко жеңіске жетті. Десек те, ойын барысын өзгерту мүмкін болмады. Отандық спортшы 3:1 есебімен ұтылды (11:7,11-4, 6-11, 11-8).

Айта кету керек, Герасименко пен Құрманғалиев жұбы сәтті өнер көрсетті. Ерлер арасындағы жұптық сында олар Үндістаннан келген Сураваджула / Чандра жұбын 3:0 есебімен жеңді (11-7, 11-8, 11-5). Осылайша, жарыстың келесі кезеңіне өтті.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу